«Алтын Тұрғысын» фестивалі Малеевка ауылында өтеді
Фото: depositphotos.com
12-13 шілде аралығында Алтай ауданының Малеевка ауылында, Бұқтырма өзенінің жағасында дәстүрлі XVII халықаралық «Алтын Тұрғысын – 2024» фестивалі өтеді.
Бұл фестиваль оның алғашқы ұйымдастырушысы, Алтай ауданының тумасы, жазушы, ақын Александр Егоровты еске алуға арналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Конкурс поэзия, проза, вокал, авторлық ән, фольклор, хореография, аспаптық орындау, театр өнері, көркемсөз, кескіндеме және қолөнер (графика, фото) номинациялары бойынша өтеді.
Фестиваль бағдарламаға сәйкес 12 шілде күні сағат 16-00-де салтанатты түрде ашылады. Келесі күні кешке марапаттау рәсімі жоспарланған.