21 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: twam.ru
Қазгидромет осы жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің көптеген өңірінде атмосфералық қысымның төмендеуіне байланысты найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады және желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, найзағай ойнайды.
Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Өскеменде найзағай ойнайды, күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.