KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Шығыста дауыл тұрып, бұршақ жауады

depositphotos.com

21.07.2024, 09:30 128 Назерке Каримова

"Қазгидромет" РМК бүгін, 21 шілде күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көп өңірінде атмосфералық қысымның төмендеуіне байланысты найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады және желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады деп күтіледі.

Күндіз сынап бағаны еліміздің солтүстігінде, шығысында +20...+28°C, оңтүстігінде: +34...+39°C, еліміздің орталығында: +25...+33°C, оңтүстік-шығысында: +30...+38°C, ал батысында +33...+38°C көрсетеді. теріледі деп болжануда+38°C.

Синоптиктер еліміздің басым аймағында дауыл болуы ықтимал екенін ескертті.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ болып, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Сондай-ақ, Өскеменде найзағай ойнайды, күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп болжанады. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу