KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Сарбазды құтқарған өскемендік подполковник марапатталды

Фото: Нелли Петенева

23.07.2024, 14:00 118 Ержан Әбіш

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №3477 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Денис Шемет «Казцинктің» «Ізгі жүрек» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

«Казцинк» зауыты батыл әрекет жасаған өңір тұрғындарына жыл сайын қаржылай сыйлықтар ұсынады.

Кәсіпорынның «Ізгі жүрек» сыйлығына биыл Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №3477 әскери бөлімі командирінің орынбасары ­– штаб бастығы, подполковник Денис Шемет ие болды.

­– Ол оқу-жаттығу алаңында ерлігімен көзге түскен. Сарбаздың лақтырған гранатасы окоптың қалқасына түсіп, төмен қарай домалап кетеді. Сол мезетте Денис гранатаны аяғымен теуіп жіберіп, жауынгерді денесімен қалқалап, жата қалды. Мерзімді әскери қызметші аман қалды. Ал офицердің денесіне граната жарықшақтары кіріп, ота жасалды, ­– деп хабарлайды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Осы ерлігі үшін «Казцинк» компаниясы подполковникке 1 миллион  теңге табыстады. Әскери қызметші сыйлықты Олимпиада жеңімпазы Ольга Рыпокованың қолынан алды. 

Денис Шемет ­– Қостанай қаласының тумасы. Ұлттық ұлан қатарына 2004 жылы қосылған ол №3477 әскери бөлімде 2022 жылдан қызмет атқарып келеді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив