ШҚО-да әскерилер Отбасы күнін атап өтті
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінде Халықаралық отбасы күніне орай әскерилердің отбасына арналған ашық есік күні өткізілді.
Мерекелік іс-шараға қатысқан 15 отбасының бесеуі көпбалалы, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Бүгін – біз үшін ерекше күн. Барлық қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтағым келеді. Барлықтарыңызға мықты денсаулық тілеймін. Бір-біріңізді әрдайым қолдаңыздар, жақсы көре біліңіздер. Қамқор болатын бала-шағамыз, ұрпақтарымыз көп болсын. Біздің өміріміз сонысымен қызық, тамаша, – деп жылы ілебізін білдірді 3477 әскери бөлім командирі подполковник Руслан Есенғалиев.
Әскери бөлім ұйымдастырушылары іс-шараға қатысушыларға арнайы спорттық ойындар ұйымдастырып, балаларға арналған аквагрим мен аниматорлық ойындар өткізді. Соңында қатысушыларға әскери бөлім командирінің атынан алғыс хаттар табысталды.
Оқи отырыңыз