KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
516.93 542.52 4.98

Өскемен қаласының Құрметті азаматы Геннадий Бердюгин өмірден өтті

Фото: редакция мұрағатынан

25.07.2024, 18:15 130 Ержан Әбіш

Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің бұрынғы төрағасы Геннадий Леонидович Бердюгиннің қайтыс болуына байланысты отбасына, туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Ол Шығыс Қазақстан облысының Зырян (қазіргі Алтай) ауданындағы Сокольск ауылында дүниеге келген.

Алматы халық шаруашылығы институтын, КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Әр уақытта КОКП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының мемлекеттік наградалар бөлімінің меңгерушісі, ШҚО бойынша кеден басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

Геннадий Леонидович Қазақстан Кеден кодексін белсенді әзірлеушілердің бірі болды, заңды және заңға тәуелді актілерді дайындауға қатысты.

Оның тұсында ШҚО кеден органдарының қызметі Қазақстанда үздік деп танылды және контрабандаға қарсы күресте, ел экономикасын қалпына келтіруде, сыртқы сауда көлемін ұлғайтуда үлкен рөл атқарды.

Үлбі металлургия зауыты да оның өмірінде ерекше орын алды. Кедендік қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің бастығы лауазымында ол кедендік рәсімдер үшін құжаттарды дайындаудың нақты жүйесін құрып, мемлекеттік кеден органдарымен іскерлік оң қарым-қатынас орнатты. Зауыт сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы болды.

Геннадий Леонидович Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да кеден ісінен сабақ берді, төрт жылдан астам уақыт бойы Шығыс Қазақстан облыстық Ардагерлер кеңесін басқарды.

Ардагерлер кеңесінде жұмыс істеген кезде ол облыстық ардагерлер ұйымын елдегі ең жақсы ұйымға айналдыра алды, ұйымның мол тәжірибесін республикалық Ардагерлер кеңесінің Төралқасы басшылыққа алды.

Геннадий Леонидович Бердюгин ерен еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет», «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Геннадий Бердюгин құс фабрикасының құрылысына қатысқаны үшін КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты атанған.

Әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан елеулі үлесі үшін 2009 жылғы 29 қазанда оған «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Геннадий Леонидовичтің ұрпақтар арасындағы дәстүр сабақтастығы мен өзара байланысты сақтаудағы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі аса құнды.

Ол әрқашан ерекше еңбекқорлығымен, өз ісіне деген адалдығымен, жоғары кәсібилігімен, белсенді өмірлік ұстанымымен ерекшеленді.

Шығысқазақстандықтар ардақты азаматтың өмірден өткеніне қатты қайғырады. Елін сүйген аптал азаматтың, абыройлы жанның жарқын бейнесі жерлестердің жадында мәңгі сақталады.

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б. Көшербаев

 Ардагерлер кеңесі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.С. Шерубаев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу