Риддерлік оқушылар Дүниежүзілік Өнертапқыштық шығармашылық Олимпиадасында үздік атанды

Риддер қаласының № 1 мектеп-лицейінің оқушылары Иван Грибенщиков пен Артемий Нечаев Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен Дүниежүзілік Өнертапқыштық шығармашылық Олимпиадасында үздіктер қатарынан көрінді.
№ 1 мектеп-лицейінің оқушылары әлемнің 36 елінен 150-ден астам команда қатысқан олимпиадада "Сomputerscience" номинациясы бойынша алтын медаль мен арнайы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Жас таланттардың ғылыми жетекшісі, Риддер №1 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Юрий Котвицкийдің айтуынша, оқушылары байқауда Қазақстанның намысын қорғаған.
Өнертапқыштар ақылды құрылғынв рюкзактың түбіне және белдіктеріне орнатып, барлық деректерді мобильді құрылғыға немесе компьютерге шығарды.
Ғылыми жетекшісінің айтуынша, Иван Грибенщиков пен Артемий Нечаев жасанды интеллект мүмкіндіктерімен жобаларын жалғастыра бермек. Бұл оларға қызықты ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.