KZ
Өскемен
-31°
плотный туман жел 1 м/с, С
510.43 594.86 6.49

Катонқарағай ұлттық паркінде қанша қар барысы бар?

Фото: depositphotos.com

1.08.2024, 12:15 561 Ержан Әбіш

ШҚО-да қар барысы фототұзақ объективіне түсіп қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары қар барысы популяциясының жай-күйіне жыл сайын мониторинг жүргізеді. Аршаты орманшылығында биыл қаңтарда орнатылған фототұзаққа кезекті қар барысы түсіп қалған.

– Қар барысының тіршілік ету ортасына байланысты инспекторлар фототұзақтардың батареяларын жаңарту және флэш-карталарын ауыстыру үшін биік және жартасты жоталарға 3-4 күн жаяу жүреді. Бүгінгі күні паркте қар барысының шамамен 11 дарағы мекендейді, – делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу