12 тамызда XXII Халықтық спорт ойындары басталады – ШҚО
12 тамызда облысымызда ұмыт бола бастаған XXII халықтық спорт ойындары басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл үлкен іс-шара екі қалада өтеді: 12-16 тамыз аралығында Зайсан қаласында ат спорты және ұлттық спорт түрлері бойынша, ал 18-23 тамыз аралығында Өскеменде бұқаралық спорт түрлері бойынша сайыстар ұйымдастырылады.
Ойындардың ресми ашылу рәсімі Спорт күніне орай 18 тамызда Өскемен қаласында өтеді. Жарыстар спорттың 22 түрі бойынша жүргізіледі, ал оған барлық қалалар мен аудандардан 13 команда келеді. Бұл іс-шараға шамамен 2 мың спортшы қатысады, ал ұйымдастыру жұмыстарына 500-дей адам тартылады.
Бұл ойындардың негізгі мақсаты – көкпар, бәйге, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі сияқты дәстүрлі ұлттық спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ футбол, волейбол сынды ойын спорт түрлерін, жеңіл атлетиканы дамыту. Жалпы, жарыс барысында 144 медаль жиынтығы ойнатылады.
Өз командаларыңызды қолдаңыздар! Ұлттық спорт түрлерін бірге насихаттайық!