KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 8 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Алдағы күзде қанша бозбала әскерге аттанады? – ШҚО

16.08.2024, 09:22 116 Ержан Әбіш

4 қыркүйекте азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталады. Шығыс Қазақстаннан мыңнан астам бозбала әскерге аттанады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жыл сайын әскерге шақырылушылар саны артып келеді. Осы жылдың 30 желтоқсанына дейін Қарулы күштер қатарын 18 жастан 27 жасқа дейінгі мерзімді қызметтегі 20 мыңнан астам сарбаз толықтырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялыр қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Өскемен қаласы қорғаныс істері басқармасы бастығының орынбасары, жұмылдыру бөлімінің бастығы Олег Недорубка айтты.

– Әскери қызмет – әр жас азаматтың міндеті және әскерден жалтарғандар үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған. Сондай-ақ пара арқылы әскерден қалдыруға не босатуға уәде беретін адамдардан сақ болған жөн, – деді Олег Недорубка.

Бүгінде әскерге шақыру қағазын тұрғылықты жер немесе жұмыс орны бойынша да, 1414 қызметінен SMS арқылы да алуға болады. Шақыруды кейінге қалдыру немесе босату электрондық үкімет порталы арқылы беріледі. Осы мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы ақпарат egov.kz сайтында бар.

– Айта кетейік, биыл біздің өңірден Шекара әскеріне іріктелген жігіттер Шығыс Қазақстан заставаларында қызмет етеді. Бұл тек шекарашыларға қатысты. Саланың жаңалығы – әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды цифрлық есепке алу, азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату жөніндегі қызмет іске қосылды. Енді азаматтар қандай да бір құжаттарсыз әскери қызмет өткеру мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті ала алады, – деп толықтырды ШҚО қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Сатбалдиев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив