Халықтың 97 пайызы эфирлік телевидениемен қамтылған
pixabay.com
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық пен биліктің арасына алтын көпір салып, мемлекеттің атқарып жатқан жұмыстарын жұртқа жеткізе білудің маңызы зор.
Бұл тұрғыдан Шығыс Қазақстан облысында жүйелі жұмыс атқарылып жатқаны жайлы кезекті әкімдік отырысында баяндалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің, сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмалары негізінде елімізде атқарылып жатқан жұмыстар легі БАҚ арқылы халыққа жеткзіліп келеді. Атапа айтар болсақ, «Жолдар жылы», «Қарызсыз қоғам», «Таза Қазақстан», ауыл шаруашылығын дамыту, «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары», халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, суға түсу және өрт сөндіру кезеңдері бойынша халықтың құлағдар болып келе жатқандығын ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рауан Асылханұлы баян етті.
Ал жиын барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы басқарма басшысына әлі де ақпараттық жұмысты күшейтіп, халыққа көбірек түсіндіру жұмыстарын жүрізу керек екендігін ескертті.
Қызырбек Дүргінбайұлы