KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
524.66 550.21 5.09

Әр мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желіде белсенді болуға тиіс – Тоқаев

15.07.2019, 12:54 264

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі жұмыстың маңыздылығына назар аудартып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- Халықпен және бизнеспен тиімді байланыс жүйесін қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу керек. Әр орталық және жергілікті атқарушы органда тікелей және кері байланыс алаңдары тұрақты түрде жұмыс істеп тұруға тиіс. Әлеуметтік желімен жұмыс істеуге ерекше назар аудару қажет. Әр мемлекеттік қызметкер өзі жетекшілік ететін мәселелер бойынша әлеуметтік желіде белсенді болғаны жөн. Интернет ғасырында бұл міндет болып табылады. Оларға желідегі талқылауларға қатысып, халықтың сауалына онлайн режимінде жауап беруге болады. Себебі қазір дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары емес, әлеуметтік желі халық үшін ақпарат көзіне айналды. Нәтижесінде адамдар жалған ақпараттың жетегіне еріп кетеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы шенеуніктердің жүргізіліп жатқан саясатты дұрыс түсіндіре білмейтінін, БАҚ пен әлеуметтік желіде жарияланып, қоғам назарына ілінген жағдайлар бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты жеткізе алмайтынын да айтты.

- Біз халықтың сенімін цифрлармен, фактілермен, әрекеттермен және адамдардың сыны мен ұсыныстарын елеп-ескеру арқылы қалпына келтіруіміз керек. Сондықтан халықтың үніне құоақ асатын мемлекет концепциясына көшу қажет. Бұл сауалдардың жауабы мемлекеттік органдардың құрылымынан көрінуге тиіс, - дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу