ШҚО драма театрында енді оперетталар қойылады
ШҚО драма және оперетта театрынан
Шығыс Қазақстан облыстық драма театры енді «Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры» КМҚК болып өзгерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО әкімінің 2024 жылғы 21 маусымындағы №159 қаулысына сәйкес «Шығыс Қазақстан облыстық драма театры» КМҚК «Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры» КМҚК болып қайта аталғанын қуана хабарлаймыз.
Бұл өзгеріс өңірде өнердің дамуына зор серпін беретініне сенім мол.
Болашақта театр репертуарынан драмалық жанрмен қатар оперетта жанрының да туындыларын көруге болады.
Осы орайда айта кеткен жөн, күні кеше Жас көрермен театрының актерлік құрамы жаңа есімдермен толықты.