Серебрянск маңында пойыз қонжықты қағып кетті – ШҚО
Фото: yk-news.kz
Шығыс Қазақстан облысында Серебрянск қаласының маңында пойыз аюдың қонжығын қағып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 22 тамыздан 23-не қараған түні 89 шақырымдық теміржолда болды.
Алайда, бұл жергілікті тұрғындардың Серебрянск маңынан жабайы аңды алғаш көруі емес. 24 тамызда посттардың бірінде жолбұрушы аю көрген.
Адамдар мен жыртқыш аңның кездеспеуі үшін қала бойынша Серебрянскте ескерту үшін дауыс зорайтқышы бар көлік жүреді. Қала тұрғындарынан түнде үйден аса қажетсіз шықпау сұралады.
Бір ай бұрын Серебрянскіден бес шақырым жерде зиратқа келген адамдарды аюлар қорқытты. Содан кейін бұл жерге орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету отрядының қызметкерлері келді, бірақ жануарлар табылмады.