Серебрянск қаласында су құбыры жарылды
Шартты сурет: lada.kz
Алтай ауданының Серебрянск қаласында бүгін су құбыры жарылды.
Салдарынан Серебрянск қаласында уақытша су өшірілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Аудандық әкімдіктің ақпараты бойынша, су құбырының жарылған жері анықталып қойды.
Апат орнында жедел түрде жөндеу жұмыстары басталып кетті.
Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ренат Құрмамбаевтың айтуынша, бірнеше сағат ішінде су беріледі.
Оқи отырыңыз