KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Күршім ауданында биыл көмірдің бағасы қанша?

pexels.com

30.08.2024, 15:00 91 Назерке Каримова

Қазіргі таңда ауданда 4 мың тоннадан астам көмір қоры тұр.

Аудан әкімдігіндегілер жергілікті халыққа қысқы отынды дайындап алуға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жылыту маусымына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде және көмірмен қамтамасыз ету мәселесі Күршім аудандық әкімдігінің ерекше бақылауында. 

- Жылыту маусымы жақындап қалды, сондықтан біз аудан тұрғындарын алдын ала көмір қорын белсенді жинақтауға шақырамыз. Алдағы жылыту маусымына дайындықты кейінге қалдырмаңыздар, - деді Күршім ауданының әкімді Алмат Ақышев.


Бүгінгі күнге халықтың қажеттілігі үшін тұрған көмірдің жалпы көлемі 4400 тоннаны құрайды. Бір тоннаның бағасы – 22 000 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив