KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Аяужан Әшімова: Үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық бақылауды күшейтуі қажет

2.09.2024, 15:48 111 Ержан Әбіш

Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің колонна залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжымдық тыңдау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жиынға қатысқан Шығыс Қазақстан облысы Азаматтық альянсының төрағасы Аяужан Әшімова ­биылғы Жолдауда да қоғам алдына нақты әрі маңызды міндеттердің қойылғанын атап көрсетті.

­– Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде саяси сана-сезіміміз, мәдени кодымыз өзгеруде, халықтың құқықтық сауаттылығы жетілуде. Осы орайда Мемлекет басшысы елдің ішіндегі өзгерістерге және сырттағы геосаяси жағдайдағы өзгерістерге қарай отырып, күнделікті мәселелерді шешумен қатар, стратегиялық бағыт-бағдарды алдымызға қойып отыр.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілі ретінде, назар аударарлық сала деп, Президент айтқан тапсырмалардың ішінен өзімізге «қоғамдық бақылау» деген бағытты таңдап алып отырмыз. Яғни, бюджетті бақылау жөнінде, сонымен қатар жерді қайтару мәселелері, денсаулық сақтау, сапалы білім беру, есірткі саудасымен күрес мәселелері сынды бірқатар бағыттар бойынша ҮЕҰ тарапынан қоғамдық бақылау жүргізіліп, халықтың құқықтық-мәдени сауатын арттыруға өз үлесімізді қосу керекпіз дегенді түйіп алдық жадымызға.
Сонымен қатар алдағы қазан айында елде АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референум өтетінінен хабардар болып отырмыз. Бұл бағытта да ҮЕҰ тарапынан халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары және жұртшылықтың үнін естуге қатысты кешенді жұмыстар жүргізілуі керек деп санаймын.
Өңіріміздің туристік әлеуеті де жоғары. Президент бұл ретте екі басым бағытты атады. Біріншіден, туризмді дамыта отырып экологияға зиян тигізіп алмау. Екіншіден, инфрақұрылымды дамыту. Осы ретте біздің өңірде әуе айлақтары жаңартылмақ, бұл да осы мәселені шешуге септігін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ Президент жалпы еліміз бойынша 10 мың шақырымнан астам автожолдың жөнделетінін мәлім етті, бұл да қуантарлық жайт.
Президент жыл сайын Жолдауларында халықтың ең көкейтесті мәселелерін көтереді. Саяси құжаттан өзімізге бағыт-бағдар күтеміз және бүгін сол сөздерді естідік. Қоғамдағы басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік теңдік мәселесіне көп көңіл бөлінді. Біз бұл Жолдауды қуанышпен қабылдап отырмыз, онда қойылған міндеттерді іске асыруға өз үлесімізді қосуға әзірміз.

Фото. Нелли Петенева

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив