KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Биыл ШҚО-да 800-ге жуық адам банкроттыққа өтінім білдірген

pexels.com

7.09.2024, 17:00 87 Назерке Каримова

Бірақ оның ішінде тек 54 шығысқазақстандықтың өтініші мақұлданды.

Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2023 жылғы наурыз айында қабылданған "ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңы күшіне енген болатын. Жеке тұлғалардың банкроттығының өтініш беру рәсімі соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сияқты үш түрге бөлінеді.

Барлық үш процедураны тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

- Егер борыш сомасы 5,9 млн теңгеден аспаса, жеке мүлкі болмаса және өтініш берген күннен бастап қатарынан 12 ай ішінде міндеттемелері өтелмеген болса, соттан тыс банкроттық рәсім банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылады. Сот банкроттығы борышкердің мүлкін өткізу мүмкіндігімен 5,9 млн теңгеден астам борыштар кезінде қолданылады. Төлем қабілеттілігін арттыру табысы бар азаматтарға қарыздарын 5 жылға дейін қайта құрылымдауға мүмкіндік береді, - деді ШҚО бойынша МКД дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова.


Заң қабылданған уақыттан бастап соттан тыс банкроттық туралы 1927 өтініш берілді, оның 420 өтініші банкрот деп танылды.

Азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады (eGov.kz.), сондай-ақ e-salyq azamat немесе eGov мобильді қосымшаларында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив