KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
523.86 544.34 5.11

Банкроттық бойынша 87 адам арыз берген

25.01.2024, 09:00 129

2023 жылы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң бойынша банкке берешегі бар ШҚО тұрғындарынан облыс соттарына 87 арыз келіп түскен. 


Бұл жайлы облыстық соттың төрағасы Манат Комиршиновтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дулат Салатов мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Түскен арыздардың 52-сі кері қайтарылып, бір тұлғаның арызы бойынша рәсімді қолданудан бас тартылып, 34 арыз өндіріске алынған
Өткен жылы банкрот деп табуға байланысты өндіріске алынған 34 азаматтық істің 22-сі бойынша сот ісі аяқталып, олардың 15-і бойынша сот шешімі шығарылып, біреуінен бас тартылған. 14 тұлғаның арызы қанағаттандырылған. 


«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң 2023 жылдың 3 наурызында күшіне енді. Заң жеке тұлғаның соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы арқылы берешегін реттеу тетіктерін көздейді. 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу