KZ
Өскемен
туман жел 3 м/с, ОБ
495.2 522.34 4.94

АЭС энергетикалық қауіпсіздікке жол ашады - Айбек Ақаев

14.11.2023, 14:46 216 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс орталығында Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті.

АЭС құрылысына қатысты Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы, Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі Айбек Ақаев пікір білдірген еді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Маманның айтуынша, атом электр стансасын салу арқылы энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткіземіз.

– Мемлекет басшысы түпкілікті шешім жалпыұлттық референдум нәтижесінде қабылданатынын айтты. Мен атом электр станциясын салу қажет деп есептеймін. Бұл менің жеке әрі кәсіби көзқарасым. АЭС салынар болса, біз көрші елдердің электр энергиясына тәуелді болмаймыз. Президент Жолдауында айтылған энергетикалық қауіпсіздікке осы жолмен жетуге болады. Атом электр станциясының ең басты артықшылығы – энергетикалық көлемділігі. Мәселен, бір келі ураннан бөлінетін энергия 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнай жағумен тең. Оған қоса уранды қайта өңдеп пайдалан беруге болады. Бұл өзі циклді үдеріс. Ал органикалық отынды қайта пайдалану мүмкін емес, ол зиянды қалдық болып қала береді. АЭС-тің тағы бір артықшылығы – экологиялық тиімділігі. Станциядан парникалық газ өте аз мөлшерде бөлінеді. Экономикалық тұрғыда да елге берері мол. АЭС салынса, қаншама адам жұмыспен қамтылды. Тек энергетика емес, қосалқы салалар бойынша да жұмыс орындары ашылады. Қазір әлем елдері жаңа технология бойынша бейбіт атом жолына түсті. Егер халық АЭС құрылысын қолдайтын болса, біз де жаңа технологияны қолданамыз, – деді сарапшы.

Осы орайда айтуымыз керек, елімізде қазір де электр энергиясының тапшылығын білініп жатыр. Өткен жылы болжамды балансқа сәйкес энергия тапшылығы 1,3 ГВт деңгейінде болды.  Бұл көрсеткіш биыл да біршама өсті. Су электр стансалары мен жылу электр орталықтарын генерациялайтын жабдықтардың тозуы бұл мәселені тіпті күрделендіре түсті. Сарапшылардың айтуынша, осылай жалғаса берсе, 2035 жылға қарай, шамамен 17,4 ГВт энергия өндіретін жаңа қуат көздері қажет болады.  Саланың білікті маманы Айбек Ақаев айтып отырған атом электр станциясының энергетикалық көлемділігі осы тұста пайдаға жараса керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу