KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
518.31 567.96 6.03

АЭС салу - болашақ үшін маңызды шешім

19.09.2024, 11:00 238 Айжанат Бақытқызы

АЭС  салуды қолдау жөніндегі облыстық халықтық штабтың мүшелері  өнеркәсіп саласының өкілдерімен кездесті,деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Кездесу барысында елімізде атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумның маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар сарапшылар АЭС-ке қатысты азаматтардың сұрақтарына  жауап берді.

«Елімізде болашақтағы электр қуаты тапшылығының алдын алу мақсатында атом электр станциясын салу ұсынылып отыр. Оның салыну-салынбауын алдағы жалпыұлттық референдумда халық шешетін болады. Біздің мақсатымыз - референдум туралы ақпаратты жан–жақты түсіндіру»,- деді облыстық Халықтық штабтың мүшесі Аманбай  Нұркенов.

Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда атом энергетикасы арқылы өндірілетін электр энергиясы әлемде 10%-ға жетті. Дүниежүзінің 32 елінде 427 реактор жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу