KZ
Өскемен
+3°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Халықтық штаб мүшелері Политехникалық колледж ұжымымен кездесті

18.09.2024, 11:39 110 Айжанат Бақытқызы

ШҚО-да Халықтық штаб мүшелері Политехникалық колледж ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабының өкілдері Өскемен қаласындағы Политехникалық колледжінің ұжымымен кездесіп, АЭС құрылысына қатысты азаматтардың сұрақтарына жауап берді. 

«Біздің сіздермен жүздесудегі басты мақсатымыз - 6 қазанда АЭС салуға қатысты өтетін жалпыұлттық референдум бойынша ақпаратпен таныстырып, туындаған сұрақтарға жауап беру»,- деді халықтық штаб мүшесі Сергей Коротин. 

Сарапшылардың мәліметінше, бүгінде әлемнің 31 елінде шамамен 415 ядролық реактор жұмыс істейді. Ең көп атом электр станцияларының саны АҚШ-та орналасқан. Бүгінде АЭС әлеуеті жағынан ең сенімді энергия көзі болып саналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив