35 жылдан кейін қайта іске қосылған жылу қазандығы
Күршім ауданында «Қазпоштаға» қарасты жылу қазандығы 35 жылдан кейін қайтадан іске қосылды. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жылу қазандығы бір апталық тексерістен соң іске қосылды.
Жүйеге жеті рет атмосфералық қысым жасалды. Бұл өз кезегінде суды 80 градусқа дейін жылытуға мүмкіндік берді.
– Осы жылу қазандығына төрт көпқабатты тұрғын үй мен бір мектеп қосылды. Таяу арада 18 көпқабатты тұрғын үй мен басқа да нысандар іске қосылады, - деді басқарма мамандары.
Ажар Сағатпекова