KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да жоспардағы 32 мың жұмыс орнының 20 мыңы құрылып қойды

Бүгін, 15:00 24 Айжанат Бақытқызы

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі  4,7%, ал Шығыс Қазақстан облысында 4,6%, дәлірек айтсақ өңірде ресми деректер бойынша 17790 жұмыссыз азамат тіркелген, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

Облыстық мәслихат сессиясы барысында аймақ басшысы өңірде жұмыссыздық деңгейін азайту, жұмыс орындарын құру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

«Өңірлік жұмыспен қамту картасы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары, жаңа өндірістерді ашу, ұлттық жобалар есебінен 32 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде 26,6 мың - тұрақты, 8,4 мың – уақытша.  Ағымдағы жылдың басынан бері 20 мың жұмыс орны құрылды. Әрине, бұл сандар іс жүзіндегіден артық. Бұл жерде қолданыстағы жұмыс орындарының жабылуын да ескеру қажет. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының басшысы аудан әкiмдерiмен бiрлесiп осы мәселенi шешуi қажет. Бұл жұмысқа депутаттар да қосылсын», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 

Сонымен қатар, аймақ басшысы өңірде тұрақты жұмыс орындарын ашумен қатар, облыста өткен жылдан бастап белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жобаны іске асыруға барлық қалалар мен аудандар да қосылды. Қазіргі уақытта зейнет жасындағы 3 784 адам 173 нысанда орналасқан 284 түрлі секцияға барып, уақыттарын тиімді өткізуде. Облыс елімізде алғашқылардың бірі болып арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметін өзгерту жөніндегі пилоттық жобаны іске асырып жатқанын айтып өтті.

"Жоба 2 мыңнан астам арнайы әлеуметтік қызмет алушыны қамтиды және 10 орталықтың автоматтанған қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе пайдаланылады. Мамыр айында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» ашылды. Орталық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға жан-жақты, кешенді қызмет көрсетеді", -деді өңір басшысы Ермек Көшербаев. 

Айта кетерлігі, бүгінге дейін орталықтың ашылуынан бері 389 отбасы өтініш білдіріп, туындаған мәселелерді шешу үшін қажетті қолдау алғандығын атап өткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив