KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

1 млн 220 мың адамға қолдау көрсетіледі - Асқар Мамин

18.08.2020, 04:35 189

Онлайн өткен Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин жұмыспен қамту халықтың басты игілігінің көрсеткіші екенін айтты.

Биыл "Еңбек", "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және басқа салалық бағдарламалар аясында жұмыспен қамту шаралары 743 мың адамды қамтыды. Жыл соңына дейін 1 млн 220 мың адамға қолдау көрсетіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуметтік-инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аударылып, инфрақұрылым жобаларының тізбесі белгіленді. Осы жобалар аяқталған соң қосымша 100 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, - деді ол.


Мамин атап өткендей, 4 өңірде жұмыспен қамту шаралардың серпіні оң екенін атады.


Ал ең төмен көрсеткіштер Батыс Қазақстан облысында, атап айтқанда шағын несие беру бойынша 28,6 пайыз, жастар тәжірибесі бойынша 30,7 пайыз. Жобаларға бөлінген қаржыны игеру 58,9 пайыз, тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша 28,8 пайыз деңгейінде тұр. Жыл соңына дейін 4 ай қалғанын атап өткім келеді. Әкімдіктер бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысты жандандырулары қажет. Қазіргі жағдайда бірінші кезекте азаматтарды жұмыспен қамту міндеті тұр. Қажетті ресурстар бөлінген. Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет, - деді ол.

Дереккөз: БАҚ кз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу