KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Ұлан ауданында тұңғыш рет халыққа әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылмақ

Бүгін, 13:00 8 Назерке Каримова

ШҚО, Ұлан ауданында биыл халыққа әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылып, 90 адамға жұмыс орнын ұсынбақ.

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаевтың жұмыс сапары барысында жауапты мамандар айтты.   

Бүгінгі таңда Ұлан ауданында үйде күтім көрсету бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді 235 адам алып отыр, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың бірінші топтағылары - 9, екінші топта - 17, бала жачындағылары - 5.

Жалғыз тұратын мүгедектер мен қарттарға көмек үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады. 

Бүгінде мекемеде 2 бөлімше меңгерушісі, 1 консультант және 44 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Мүгедектер саны 1130 адамды құрап отыр, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар - 109.

Жаңадан ашылатын “Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі аумақтық орталықта” церебралды паралич, Даун, аутизм диагнозымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 10 төсектік жартылай стационар қарастырылған. 

Сонымен қатар ауырлығы әртүрлі дәрежедегі 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар, I, II топтағы мүгедектігі бар адамдар қамтылмақ. Ал егде жастағы адамдар үшін 10 орын бөлінеді. Аралас контингентті үйде әлеуметтік көмек көрсететін 235 қызмет алушымен жұмыс істейтін бөлімше де жоспарланып отыр.

Айта кету керек, Ұлан ауданы құны 27 млн теңге тұратын инватакси көлігін саьып алған. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін жабдықталған автокөлік. Болашақта 100 км радиуста тұратын балаларды, оның ішінде Өскемен қаласынан да алып жүретін 5 күндік стационар ашу жоспарлануда. 

Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының бірінші қабатында ерекше қажеттіліктері бар балалар, екінші қабатта қарттар, үшінші қабатта екі отбасыға арналған «Жанұя» отбасыны қолдау орталығын ашу жоспарлануда. Қабаттар арасында арнайы «Баспалдақ» орнатылады.

Сондай-ақ, аумақтық орталықтың Сибин көлдеріне жақындығын ескере отырып, муниципалдық жағажайда ерекше қажеттіліктері бар балаларды сауықтыру бойынша жоспарлар бар.

Дәл осындай аумақтық орталықтар Катонқарағай және Марқакөл ауданыдарында да салынып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив