ШҚО полициейлері ірі есірткі арнасының жолын кесті
Өскемен қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткіні сату үшін сақтаған ер адамды қолға түсіріп, ірі есірткі арнасының жолын кескен.
Күдіктіден барлығы 28 келіден астам тыйым салынған заттар тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
6 қаңтарда қала үйлерінің бірінің ауласында тәртіп сақшылары есірткі заттарын сату үшін сақтаған 39 жастағы азамат қолға түсті. Кейін анықталғандай, күдікті мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адамды мүлкін тәркілей отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.