АЭС "жасыл экономика" мен "таза экология" қағидаларына сай келеді
Облыстағы халықтық штаб мүшелері қала тұрғындарымен кездесіп, көпшіліктің көкейінде жүрген «АЭС-тің салынуы қоршаған ортаға зиянын тигізбей ме? Радиациялық қауіпсіздік мәселелері қалай шешіледі?» деген сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесу барысында «Қазақстан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жадыра Закарина мен қалалық мәслихаттың депутаты, облыстық халықтық штабтың мүшесі Анжела Горнастаева АЭС салудың тиімді тұстарын кеңінен түсіндіріп берді.
"АЭС "жасыл экономика" мен "таза экология" қағидасына сай келеді. Бұл нысан қоршаған ортаға қалдық шығармай, электр энергетикасының үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Аталған нысан жасыл экономика қағидасына сәйкес бірнеше жылдар бойы желдің күшіне, күн белсенділігіне тәуелді емес энергия алудың тұрақты әдісі деуге болады", – деді Анжела Горнастаева.
Кездесуде Мадина Закарина АЭС салу бойынша қатыран өтіп жатқан түрлі кездесулерде қолдау болмаса, қаржылық жоқ екенін атап өтті. Халыққа керегі дұрыс ақпарат болғандықтан түсіндіру жұмыстары ерекше маңызға ие екенін мамандар алға тартып отыр.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылы 6 қазанда АЭС салу бойынша республикалық референдум өткізілмек.
Ажар Мұратқызы
Фото: Екатерина Скударнова