KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 0,7 м/с, В
479.71 533.77 5.16

АЭС қоршаған ортаға қалдық шығармайды

Фотосурет ғаламтордан алынды

23.09.2024, 17:30 151 Қуаныш Рахметоллаұлы

Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты халықтың көзқарасы енді қалыптасып келеді. Себебі, білмейтін тұстарын біліп, айтылмаған ақпаратқа қол жеткізіп, терең үңілуде. Үміт те бар, үрей де жоқ емес. Ел арасында  АЭС қоршаған ортаға қалай әсер етуі мүмкін, радиациялық қауіпсіздік мәселелері қалай шешілмек?  деген сауалға бұл жолы “ҮМЗ”  АҚ ғылыми орталығының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы Манарбек Қылышқанов жауап берді.

“Атоммен жұмыс жасайтын кәсіпорындар көпсатылы тексерістен өтеді, тіпті халықаралық ұйымдар да бақылауда ұстайды. Оның үстіне, АЭС қоршаған ортаға қалдық шығармайды, бұл  экологтар көзқарасы бойынша қауіпсіз кәсіпорын. Қорытындылай келе, энергия тапшылығы арта береді. Сол үшін де барлық бағыттарды дамыта беру керек, оның ішінде атом энергетикасын да. Бұл ретте электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсуі 3%-ға тең. АЭС – экономикалық өсудің, ғылым мен білім беруді дамытудың қозғаушы күші болмақ. Негізгі артықшылықтардың ішінде қоршаған ортаға зиянды әсердің болмауы, булы газдар шығарындыларының жылына 10 млн тоннаға дейін төмендеуі”, дейді ғалым.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу