KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Катонқарағай ауылының дизайн-коды әзірленіп жатыр

Бүгін, 10:43 5 Ержан Әбіш

Биылдан бастап Катонқарағай ауданы орталығының өз дизайн-коды әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты. 

Катонқарағай ауылының өзіне тән архитектуралық келбеті болуға тиіс. Сыртқы жарнама мен басқа да ақпараттар, мекемелер мен ұйымдардың қасбеттері бірегейлігімен ерекшеленіп, өлке тарихы мен мәдениетінен сыр шертіп тұруы керек.

Осы мақсатта жазда ауданға алматылық «7/2/7 Бюросының» мамандары келіп, зерттеу жүргізген. Аталмыш ұйым өкілдері Жандос Жұмабай мен Владимир Данилов ауданға тағы келіп, Катонқарағай ауылының бірегей сәулеттік келбетін әзірлеудің екінші кезеңі бойынша жұмыс атқаруда. Олар тағы да тұрғындармен жүздесіп, сауалнама алмақ.

– Өткенде түрлі сала мамандарымен кездесіп, пікір-ұсыныстарын жазып алдық. Жергілікті халықтың менталитеті, қоршаған орта, табиғат, елді мекеннің сәулеттік құрылымы бойынша ақпарат жинадық. Сол ақпаратқа сүйеніп, аралық қорытынды шығардық. Аудан орталығының қазіргі сәулеттік келбетінде түстердің орынсыз қолданылуы жиі кездеседі. Мысалы, сауда орындарында, түрлі мекемелерде, тұрғын үйлерде көк түс өте көп қолданылған. Оның орнына ашық, қою қоңыр түстерді пайдаланған дұрыс. Елді мекеннің компьютерлік макетін сыздық. Ғимараттардың сәулеттік құрылымына да өзгеріс қажет, – дейді Жандос Жұмабай.

Мамандар ендігі кезекте аудан орталығының дизайн-кодын толық аяқтап, халыққа ұсынады.

    Тимур Серікхан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив