Катонқарағайдың жеке дизайн-коды болады
Фото: Тілеубек Шаяхмет
Қайта құрылған Катонқарағай ауданы қазір дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Аудан әкімдігі ендігі кезекте ауданның жеке дизайн-кодын әзірлеп, әкімшілік ғимараттарды қайта жаңартпақ.
Катонқарағай ауданындағы тұмса табиғаттың бірегейлігі, жергілікті тарих пен мәдениеттің өзіндік ерекшелігі жаңа дизайн-кодқа арқау болмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Дизайн-код сондағы тұмса табиғаттың бірегейлігін, жергілікті тарих пен мәдениеттің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Сондай-ақ ол Катонқарағай тұрғындары мен қонақтарына жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру үшін қажет, – делінген Катонқарағай әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Сонымен қатар Q88 аумағын тұрақты дамыту қауымдастығының командасы мен Бұланды ауданы бойынша қор басшылығы Катонқарағай ауданының дамуына атсалыспақ.