KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
524.66 550.21 5.09

Катонқарағайда тасқынның алдын алу шаралары қалай жүріп жатыр?

11.03.2024, 16:47 170 Айна Ескенқызы

Биыл қар қалың түскен аудандардың бірі – Катонқарағай. Қар жамылғысының деңгейі бүгінде 38 см-ге жеткен, ал топырақтың тоңы - 107 см.

Көктем кезінде болатын төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою мақсатында Катонқарағай ауданында біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Аудан әкімінің қаулысымен  2024 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген. Қазірдің өзінде  қардан және мұздан 24 көпір, 59 су өткізгіш құбыр тазаланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Катонқарағай ауданы бойынша алты елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан, олар: Берел, Қызыл- Жұлдыз, Ақсу, Коробиха, Барлық және Катонқарағай ауылдары. Барлық ауылындағы Бұқтырма өзенінің су деңгейі бүгінгі күні 150 см, оның жоғарғы деңгейі - 300 см. Аудан бойынша 59 су өткізу құбыры, 24 көпір, 26 арық бар. Бүгінгі күні қардан және мұздан 24 көпір, 59 су өткізгіш құбыр тазаланды. Осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. Су басу қаупі туған жағдайда алты елді мекендегі халықты көшіру үшін аудан аумығында 328 адамды қамтитын төрт уақытша орналастыру пунктері құрылған, - деді аудан әкімінің орынбасары Расул Мырзабекұлы.

Қазіргі уақытқа ауданда 3000 дана қап, 20 тонна инертті материал, 15 тонна жанар-жағар май әзірленген. ТЖ туындай қалса, 45 адам жеке құрам жұмылдырылуға дайын және 40 дана инженерлі-құрылыс техникалары дайындыққа келтірілген.

Расул Мырзабекұлының айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде аудандық және облыстық бюджет есебінен 2022 жылы Ақсу ауылындағы Ақсу өзені жағалауының 200 метрі нығайтылды. 2023 жылы алдымыздағы көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында  Жамбыл ауылының Бұқтырма өзенінің жағасын нығайту, Коробиха ауылындағы Коробиха өзенінің арнасын тереңдету және нығайту, Жазаба ауылының Чесноковка өзенінің арнасын тереңдету және жағасын нығайту жұмыстары, Шыңғыстай ауылының Бұқтырма өзенінің жағасын нығайту, сондай-ақ Катонқарағай ауылының Сарымсақты өзенінің жағасында 300 метр жерге нығайту жұмыстары жүргізілген болатын.

Қазір ауданда барлығы сегіз мотопомпа бар екен: Катонқарағай ауылындағы № 27 өрт сөндіру бөлімінде - 4 мотопомпа, жергілікті атқарушы органда - 4 мотопомпа. Сонымен қатар ТЖ туындаған жағдайда Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен тағы 8 мотопомпа тартылады.

Фото: Катонқарағай ауданының әкімдігі

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу