KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Алтай ауданында ескі көпірдің бір тұсы құлады

26.09.2024, 17:50 165 Ержан Әбіш

Облыстық маңызы бар Октябрь – Алтайка – Новохайрузовка автожолының Алтай ауданындағы 48-50 шақырымында апатты көпір құлады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Көпір 1960 жылы салынған. Көпірдің астында екі бос аралық бар. Куәгерлердің айтуынша, аралықтардың бірінде тірек боп тұрған қопсыған ескі бөлігі құлаған. Осыған байланысты жол қозғалысы қазір жабық. «Облшығысжол» ЖШС айналма жолды салуға кірісті.

Жағдай облыс әкімдігі мен ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бақылауында.

Altainews.kz редакциясының журналистері көпірді қалпына келтіру барысын қадағалап, облыстың құзырлы қызметтерінен ресми түсініктеме күтуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу