KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
482.94 535.97 5.35

Ескі австриялық жолда уақытша көпір орнатылды - ШҚО

21.07.2024, 12:33 194 Назерке Каримова

Катонқарағай ауданындағы ескі австриялық жолда уақытша көпір орнатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, шағын көпір көктем кезінде құлаған болатын. Біраз уақыт бұрын аудан басшылығы жөндеу жұмыстарына кірісіп, қажетті құрал-жабдық жеткізіліп жатқанын мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғанша, туристердің көзайымына айналған көрікті мекенге уақытша салынған көпір жол ашады. 

"Жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен ескі Австриялық жолда екі темір-бетон мен тақталар орнатылып, уақытша көпір қойылды. Сынған көпір алдағы уақытта қалпына келтіріледі" - деп мәлімдеді аудан әкімдігінен. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив