Алтай ауданында көпір опырылды: уақытша айналма жол салынып жатыр
Көпірді жөндеу кезінде Алтай ауданында қозғалысты қалпына келтіру үшін уақытша айналма жол салынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, екінші аралық құрылыстағы бес арқалықтың үшеуі, сондай-ақ көпір тіректері бұзылған.
Құлау салдарынан жол қозғалысы қауіпсіздігіне, оның ішінде жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді.
Қазір Алтайка, Кремнюха елді мекендері, шаруа қожалықтары (Алтай ауданы жағынан) мен Алыбай, Приморск елді мекендері, шаруа қожалықтары (Үлкен Нарын ауданы жағынан) арасындағы көлік қатынасы республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар көпірдің бұзылуы туралы ақпаратты полиция қызметкерлері мен құтқарушыларға, сондай-ақ 112 каналының жедел қызметіне жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйек күні сағат 16:00-де облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Октябрь – Алтайка – Ново-Хайрузовка автомобиль жолының 49-шақырымында (Алтай ауданында) Таволжанка өзені арқылы өтетін көпір құлады.