KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбек болған – ШҚО

Фото: polisia.kz

1.10.2024, 14:00 161 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысындағы тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбек болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемендегі тергеу изоляторына небәрі бір аптаның ішінде бірқатар тыйым салынған заттарды әкелу әрекетінің жолы кесілді. Келушілер түрлі тәсілдермен тыйым салынған заттарды заңсыз алып өтпек болды.

Тексеру бөлмесінде ШҚО ҚАЖД-ға қарасты №73 мекемесінің қызметкерлері смартфон мен 8 литр ішімдік тауып, тәркілеген. ⠀

Макарон мен котлет салынған контейнерден төрт смартфон табылды. Азық-түлік қабылдау бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, ыдыстың салмағы ерекше ауыр боп күдік туғызған.

Бұл кезде сотталушылардың бірінің әйелі газдалған сусынның пластик бөтелкелеріндегі жағымсыз иісі бар сусынды заңсыз алып өтпек болған. Сусын тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, сусын ыдысына коньяк құйылған болып шықты.

Мекеме қызметкерлері тағы бір сәлемдемені тексеру барысында пакет шайдың түбінен смартфондар тауып алған.

Барлық үш факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив