KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Референдумда ШҚО-ның 102 жастағы тұрғыны дауыс берді

6.10.2024, 10:59 105 Ержан Әбіш

Бүгін Марқакөл ауданының 102 жастағы тұрғыны Хадиша Тұржанова референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ғасыр жасаған Хадиша апа 1922 жылдың 20 наурызында Күршім ауданының Қалжыр ауылында дүниеге келген. Маңдай терін төге адал еңбек еткен ана бүгінде өзі тәрбиелеп жеткізген ұрпағының ортасында отыр. Тоғыз құрсақ көтерген Хадиша апаның 27 немересі, 43 шөбересі, 7 шөпшегі бар.

- Елімнің, ұрпағымның ертеңі үшін мен де өз таңдауымды жасадым. Бүгінгі маңызды күні бәріміздің пікіріміз аса құнды болып отыр. Осыны жұрт түсініп барып жатыр. Отанымызда тек бейбітшілік пен татулық болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, қарындары тоқ болғай, - деп ақ батасын берді ардақты ана.

Ел өміріндегі маңызды мәселелерді шешуге қатысып отырған қарт ананың батылдығы жас ұрпаққа үлгі-өнеге.

Хадиша апаға мықты денсаулық тілейміз.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу