Дәрігерлер алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Бүгін Қазақстандықтармен бірге облыс тұрғындары да маңызды шешім қабылдау үшін өздерінің учаскелеріне келіп жатыр. Олар елімізде атом электр станциясын салу керек пе, керек емес пе деген сұрақтың жауабын беріп, өз таңдауларын жасайды. Әр адамның дауысы маңызды. Референдумға қатысу үшін барлық тұрғындардың үйлеріне шақыру билеттері апарылып берілді.
Таңғы сағат 7.00 де Өскемендегі №6 референдум учаскесі қала тұрғындарына өз есігін айқара ашты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл учаскеге 2 467 қала тұрғыны өз шешімдерін таңдауға келуі керек. Өз учаскесіне алғашқы болып келіп, дауыс бергендердің бірі Өскемендегі «Ана мен бала орталығының» неонатолог дәрігері Дархан Серікбекұлы еліміз үшін референдумның маңызды екенін тілге тиек етті.
Жанаргүл Мұқатай