Әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан референдумда өз таңдауын жасады
Әлемге танымал бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызының есімін білмейтін адам кемде-кем. Ірі жарыстарға қатысып, ең жас бүркітші атанып, жаһанға әйгіленгені мәлім. Қазақ қызы туралы ондаған фильм түсіріліп, әлемнің түкпір-түкпірінде көрсетілді.
Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың қолдауымен Айшолпан Нұрғайыпқызы жанұясымен Ұлан ауданы, Бозанбай ауылына көшіп келген болатын.
Айшолпан Нұрғайып Бозанбай ауылдық округі, Бозанбай ауылындағы дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұрыннан білетініміздей, құс ұстаған көп ұлдың арасындағы бүркітші қызға атадан қалған дәстүрді жалғастырып, ұлттық болмысты жоғалтпас үшін құсбегілікпен айналысуға әкесі Нұрғайып Ыдырысұлы себепкер болған.
Айшолпан Нұрғайыпқызы қазақтың ата кәсібін дамытуға, «құсбегілік» ұлттық спорт түріне қызығушылықты арттыруға, осы спорт өнерінің бұқаралық сипат алуына ықпал ету және халықаралық деңгейде дамытуға күш салуға үлес қоса жүріп, елдегі саяси маңызды шараларды да көлеңкеде қалдырмайтынын білдірді.