KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-ға әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан келді

Фото: Zakon.kz

25.11.2023, 11:23 294 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысында халықаралық бүркітшілер фестивалі өтіп жатыр.

 

Қырандар сайысының финалына құрметті қонақ болып әлемге әйгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы келді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

- Қыран десе елеңдеп тұратын жандардың бірімін ғой. Осы Бозанбай ауылындағы бүркітшілер тойына былтыр да келіп қатысқан болатынмын.  Биыл былтырғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр екен. Қыранымыз биікте самғап, аспанымыз тыныш болсын. Құсбегілерге сәттілік тілеймін, - дейді Айшолпан Нұрғайыпқызы.


 

Айта кетейік, Айшолпан - Моңғолиядағы бүркітшілер әулетінен шыққан тұңғыш бүркітші ару. 13 жасында 79 саятшы қатысқан бүркітшілер сайысында рекорд жаңартып, тарихта тұңғыш рет жеңімпаз атанған ару. Ол туралы режиссер Отто Белл «The Eagle Huntress» атты фильм түсірген. Фильм әлемнің 30 мемлекетінде, оның ішінде  Лондон, Нью-Иорк, Дубай, Токио, Сидней қалаларында көрсетілді. «The Eagle Huntress» фильмі 2015 жылы «Оскар» сыйлығының шорт листіне дейін жетті. Ал 2017 жылы Айшолпан  Нью-Йорк қаласында «Asia Game Changer» сыйлығын иеленді. Бұл сыйлық Азияның ең таңдаулы тұлғаларына табысталады. Бұған дейін бұл марапатқа Джек Ма, Мэнни Пакьяо, Дев Патель секілді жұлдыздар лайық деп танылған.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу