KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Салбурын бүркітшілермен қатар итбегілердің де басын қосты

12.10.2024, 13:30 1 298 Назерке Каримова

Ұшқыр тазы ерткен итбегілер Бозанбай ауылындағы Бүркіттөбенің басында бас қосты. Бүгінгі тазы жүгірту сайысына 40 ересек және 10 күшік тазы қатысуда, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жарыстың бас төрешісі Бағжан Маркстің айтуынша, желден жүйрік тазылардың бұл сайысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен әкелінген тазылар қатыстырылуда.

- Біздің облысымызда тазы тұқымының сақталуына, оны атадан қалған мұра ретінде ары қарай дамытуға үлкен мән беріліп келеді, - деді Бағжан Маркс.


Айтулы жарысқа Бозанбай ауылының тумасы, 15 жасар Нұрғиса Сәбит те қатысып,  тазысының бабы мен бағын сынауға келген.

- Тазы баптаумен айналысқаныма бір жыл болды. Биыл алғаш рет “Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестиваліне қатысып жатырмын. Маған мұндағы мерекелік атмосфера ерекше ұнады, - дейді итбегі Нұрғиса Сәбит.


Ажар Сағатпекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу