Енді салық және кеден мәселелері бойынша кеңесті бейнебайланыс арқылы алуға болады
depositphotos.com
Салық төлеушілер мен СЭҚ-ке қатысушылар ағымдағы жылдың 14-қазанынан бастап салық және кеден мәселелері бойынша кеңесті мемлекеттік кірістер органдарынан бейнебайланыс арқылы ала алады.
Кеңес алу мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ қарапайым, ыңғайлы және қолжетімді бола түсті.
Төменде көрсетілген арнайы QR кодын немесе https://kgd.qosyl.kz сілтемесін басу жеткілікті. Бейнеқоңырау тегін.
Салық және кеден қызметтері мәселелері бойынша кеңес алу үшін сервис терезесінен «Өңір» жолынан қажетті облысты немесе республикалық маңызы бар қаланы, салық/кеден міндеттемелерін орындаудың өзге де мәселелері бойынша – МКК таңдаңыз (Мемлекеттік кірістер комитеті).
Жұмыс тәртібі: жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Бейнеқоңырауларға арналған QR коды: