KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Декларацияны тапсырмаған тұлғалар анықталады

gov.kz

Кеше, 20:00 27 Айжанат Бақытқызы

2024 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңіне қатысушылар үшін "Активтер мен міндеттемелер туралы" декларацияны, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші-екінші кезеңіне қатысушылар үшін жыл сайынғы "Кірістер мен мүлік туралы" декларацияны ұсыну мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап. 

2024 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары бастапқы декларацияны табыс етуге міндетті.

Департамент берген мәліметтерге сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында  250 нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы  "кіріс" декларациясын 76 мың салық төлеушінің  65 мыңы тапсырды немесе декларацияны тапсыруға тиіс тұлғалардың  86%  қамтылды. 270 нысан бойынша  "Кірістер мен мүлік туралы" декларацияны декларациялаудың бірінші және екінші кезеңіне қатысушы 121 мың жеке тұлғаның 107 мыңы немесе декларанттардың 88% табыс етті. 

- Мемлекеттік кірістер органдары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларация тапсыруға тиіс адамдарды түгендеп, салық міндеттемелерін орындамаған тұлғаларды анықтайтын болады. Декларацияны уақытында ұсынбаған салық төлеушілер салық органдарынан тиісті хабарламалар алады. Бұзушылықтың әрбір жағдайы жеке қаралатынын айта кеткен жөн. Декларацияны тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда салық төлеушілер бірінші рет ескерту алады. Қайта бұзылған жағдайда жыл ішінде 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады,  айыппұлдың көлемі  2024 жылы 55 380 теңге, - деді департаментте.

Сонымен қатар, 2025 жылы жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толған азаматтары кіруі тиіс екенін еске саламыз.

                                                                                                                                                        Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив