KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Бір ел – бір кітап: Азовтық оқушылар қалалық кітапханада болды

Бүгін, 16:30 1 Ержан Әбіш

Республика күні қарсаңында Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханаға Ұлан ауданы Азов орта мектебінің 3-ші сынып оқушылары келді, деп хабарлайды Altainews.kz.

­– Жас достарымыз алдымен кітапханамызға саяхат жасады. Оралхан Бөкейдің әдеби залындағы жасанды интеллект арқылы жасалған көрмемізді де көрсетіп, жасалу қыр-сыры туралы айтып бердік, – деп жазады әлеуметтік желідегі парақшаларында кітапхана қызметкерлері.

Сондай-ақ балалар VR киіз үйідің сыйқырлы көзілдірігін тағып, таңғажайыптарды тамашалап, мәз-мейрам болды. Заманауи технология арқылы жасалған ойындар үлгісі және 3D бейнелер жасау да балаларға ерекше ұнады.

 

Осыдан кейін Республика күніне арналған әдеби дастархандағы Отан тарихы туралы кітаптармен танысты. Үлкен экранды кинозалда кино көріп, караокемен Отан туралы рухты әндерді әуелетті.

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Шындықты шығармасына шырақ еткен» атты көрмемен танысты.

Кітапхана «Бір ел – бір кітап» акциясын бірге өткізуге шақырады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив