KZ
Өскемен
+12°
ясно Штиль
443.03 480.38 4.91

Балалар кітабының апталығы басталды – ШҚО

2.04.2024, 17:03 126 Қызырбек Дүргінбайұлы

Халықаралық балалар кітабы күні – балдырғандар үшін айтулы мерекенің бірі. Осыған орай бүгін облыс орталығында «Мәртебелі кітап» атты танымдық апталық басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада жас оқырмандардың құрметіне «Ұлы Мәртебелі кітап» Flashbook интерактивті кітап көрмесі ашылды. Көрмеде бүлдіршін оқырмандардың сүйікті туындысына айналған «Big dream» баспасынан жарық көрген анимациялық  4D кітаптар, тактильді кітаптар, жаңа форматтағы басқа да басылымдар ұсынылған,

7 сәуірге дейін жалғасатын апталық барысында «Кітап сән көрсетіліміне» қатысушылар қорда сақталған сирек кездесетін, бағалы кітаптарды тамашаласа, «Шеберлер мектебінде» әдеби кәдесыйлар жасау шеберлік-сағатына қатыса алады. 

– Кітапхананың белсенді оқырмандары өздерінің ең сүйікті туындыларын «Кітап аукционына» шығарып, оқырман жинап жарысады. 3 сәуір күні білімпаз қонақтар «Аналар мен әжелер, әкелер мен аталар нені жақсы көреді? Ал бауырлар ше?» деген зертханада бас қосып, зерттеу жұмысына қатыса алады. Дәл осы күні жас оқырмандар өздері сүйіп оқыған ертегілердің авторы, балалар әдебиетіне қалам тербеп жүрген жерлес жазушылар – Күлмай Сембаева, Бану Ахметбекова, Кәмшат Нұғымановамен  кездесіп, емен-жарқын сұхбат құра алады. Мерекенің келесі күні бастауыш сынып оқушылары «Өз оқиғаңды жаз» шығармашылық зертханасында қиялға ерік беріп, ойдан ертегі жазады. 5 сәуір күні «Ертегітерапияда» ертегі арқылы шығармашылық қабілет пен сананы дамытуға бағытталған психологиялық ойындар ұйымдастырылады. Сондай-ақ биыл 100 жылдық мерейтойы атап өтілетін, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналған әдеби сағатқа қатысып, өз ойларымен, әсерлерімен бөлісетін болады, – дейді кітапхана қызметкері Жансая Ашкенова.

Жас оқырман бұл мерекеге қатысу арқылы кітапханадағы бай кітап қорымен танысып, өз таным көкжиегін кеңейете алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив