KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Алтайға жетудің жолы жеңілдемек

depositphotos.com

17.10.2024, 14:30 87 Ержан Әбіш

Төр Алтай туризмнің төріне айналып келеді. Сондықтан да туристерге қолайлы жағдай жасап, талапқа сай қызмет көрсетудің маңызы зор. Алдағы уақытта Катонқарағай ауданында әуежай салынып, Алтайға жетудің жолы жеңілдемек.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов мәлім етті.

– Әуежай салу үшін «Өскемен-Рахман қайнары» автомобиль жолының жанындағы Солдатово және Өрнек елді мекендері арасындағы жер учаскесі таңдалды. Құрылыс орнынан Катонқарағай ауылына дейінгі қашықтық 38 шақырымды құрайды. Ал Үлкен Нарынға дейін 54 шақырым көлікпен жүріп өту керек, – деді Қуаныш Акрамов.

Ажар Сағатбекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу