Катонқарағай әуежайын жаңарту жоспарланған

Төр Алтай туризмнің төріне айналып келеді. Сондықтан да туристерге қолайлы жағдай жасап, талапқа сай қызмет көрсетудің маңызы зор. Катонқарағай ауданындағы ескі әуежай жаңартылса алыс Алтайға жету жолы жеңілдемек.
ШҚО әкімі Катонқарағайдағы 1982 жылы салынған ескі әуежайды жөндеу үшін қазір инвесторларды тарту мәселесі қаралып жатқандығын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сондай-ақ инвесторлар әуежайдың жағдайын көріп, өз ұсыныстарын айтқан. Бәрі оң шешілсе әуежайға жөндеу жүргізілмек.
Сонымен қатар облыс әкімі Алтай ауданында да ескі әуежай бар екенін, инвесторлар үшін оны да туризмге тетік ету мүмкіндігі қарастырылып отырғанын жеткізді.