Халықаралық теміржол қатынасы іске қосылмақ
depositphotos.com
Ағымдағы жыл соңына дейін «Риддер–Новосібір» бағытындағы теміржол қатынасы қайта жанданбақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, поездар ағымдағы жылдың 18 желтоқсанынан бастап әр төрт күн сайын жүре бастайды.
Новосібір – Риддер №407/408 халықаралық поезы Ресей темір жолдары тарапынан қызмет көрсетілетін алты вагоннан тұрады (3 купе, 3 плацкарт), жалпы сыйымдылығы – 250 жолаушы. Шығысқазақстандықтардың өтініштері назардан тыс қалған жоқ.
Поездар ауа баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биотуалетпен, мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған розеткалармен, USB порттармен, әр орынға арналған жеке шамдармен және басқа да қажетті құралдармен жабдықталмақ.
Ажар Сағатбекова