KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
522.38 612.6 6.54

Өскемендегі ЖЭО құрылысын келер жылы бастау жоспарланып отыр

depositphotos.com

18.10.2024, 13:30 313 Ержан Әбіш

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 25-отырысында үш жылу электр орталығының (ЖЭО) құрылысы талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Айта кетейік, 2024 жылдың сәуір айында Қазақстан мен Ресей үш қалада — Көкшетау, Семей және Өскеменде көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО салу бойынша үкіметаралық келісімге қол қойған болатын. Жобаны жүзеге асыруға жауапты ұйымдар ретінде «Интер РАО - Экспорт» ЖШҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ белгіленген.

Құрылыс жұмыстары 2025 жылдан ерте басталмайды деп жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу