Өскеменде 490 миллиард теңгеге ЖЭО салына ма?
сурет көрнекілік үшін depositphotos.com сайтынан алынды
Қазақстанда салынатын үш жаңа ЖЭО-ның алдын ала құны белгілі болды, деп хабарлайды деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет отырысында "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Көкшетаудағы ЖЭО қуаты 240 мегаватт, Семейде - 360 мегаватт, Өскеменде - 360 мегаватт болатынын айтты. Жобаларды іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымдар ретінде "Самұрық-Энерго" және "ИНТЕР РАО Экспорт" бекітілген.
Қазіргі уақытта Көкшетауда ЖЭО бойынша ТЭН әзірлеу аяқталды, Семейдегі ЖЭО бойынша ТЭН биыл наурызда дайын болады, ал Өскемендегі ЖЭО бойынша 2024 жылдың аяғына дейін орындай отырып, ТЭН әзірлеуге кірісуді жоспарлап отырмыз.
Төраға ұсынған слайдтарда әрбір жылу электр орталығының алдын ала құны көрсетілген:
- Көкшетау ЖЭО – 347 миллиард теңге;
- Семей ЖЭО – 420 миллиард теңге;
- Өскемен ЖЭО – 490 миллиард.
Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Мақсұтов жобалардың құны "әлі бекітілген жоқ" деп мәлімдеді.
